16 ақп, 2018 сағат 09:43

Жұма күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Кей жерлерде боран, тұман, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста және орталықта – көктайғақ, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні 18 м/с, төменнен соққан боран болады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, Қостанай облысында – тұман. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.