28 қар, 2019 сағат 09:26

Жолда қалған автобустың жолаушылары эвакуацияланды

Төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалған автобустың 45 жолаушысын құтқарды, – деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

«27 қарашада Жамбыл облысының Қордай ауданында «Алматы-Ташкент» тасжолының 240 шақырымында «Шымкент-Алматы» бағытымен жолға шыққан «Yutong» маркалы автобус техникалық ақауға байланысты бұзылып қалған. Жолаушылар автобусының салонында 45 адам, соның ішінде 5 бала болған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары» делінген хабарламада.

Жедел жеткен құтқарушылар мен полицейлер Қордай ауылының автовокзалына 26 жолаушыны, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Олар кейін «Sprinter» шағын автобусымен Алматы қаласына жеткізілді. Эвакуациядан бас тартқан қалған 19 жолаушы жол жөнекей кетіп бара жатқан автокөліктерге мініп кетті.