13 сәу, 2021 сағат 16:40

Талғат Нәрікбаев университтер рейтингі, оқытушылар жалақысы жайлы айтты



Қазақстандағы кей жоғары оқу орындары әлем бойынша білім беру ордаларының рейтингінн көрсететін QS университеттер рейтингінде бар. Алайда бұл рейтинг нені шешіп, сол білім ордасындағы студент үшін қандай жол ашатынын жұмбақ. Осы және өзге де сауалдарға Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев  айтты.

Оның сөзінше, бүгінде айтылып жүрген, жарияланып жүрген қазақстандық университтер арасындағы рейтинг шынайы деңгейді көрсетпейді.

Ол сондай-ақ қазақстандық докторанттарға ғылыми мақаланы жариялау міндеттелген Scopus мәліметтер базасы туралы да ой қозғады.

«Scopus мәліметтер базасында индекстелген немесе Web of Science мәліметтеріне сәйкес импакт-факторы бар журналдарда мақалалары мен шолуларын жариялаған 300-ге жуық заңгер ғалым бар. Соның ішінде олардың 238-і (80%) еңбектерін «жыртқыш» атанған журналдарда жариялады. QS университеттер рейтингінде Қазақстанның кейбір ЖОО-лары бар. Бірақ бұл рейтингтің әдістемесі академиялық адалдықтың шынайылығына, зерттеулердің сапасына және т.б. диагностика жасай алмайды», - деді Талғат Нәрікбаев.

Университеттің басқарма төрағасы университеттердің бұл рейтингке енуінің бірнеше жолы бар екенін айтты. Оның сөзінше, шетелдік сарапшылармен этикадан тыс әрекет жасау арқылы енетіндер бар және магистранттар мен докторанттар, университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы жариялаған мақаланың саны арқылы қол жеткізіп отыр. Демек, мақала жариялау бойынша жарыс өтеді.

Осы тұста басқарма төрағасы қазақстандық PhD докторанттары гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша өз мақаласын халықаралық жетекші жәрналдарға жариялай алмай әлек болады. Бұл да Қазақстанның білім және ғылым министрлігі талап қойған соң шығарылған еді.

Талғат Нәрікбаев кейінгі кезде қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ғылыми сабақтастық мәселесін де көтеріп жүр. Айтуынша, елімізде заң шығару қызметі сапасы деңгейінің төмендеуінен бөлек, ерекше қауіпті мәселелердің бірі – ғылыми мектеп сабақтастығын қалыптастыра алмау.

Себебі республикадағы ғалымдардың орташа жалақысы 129 мың теңгені құрайды. Бұл статистика бойынша орташа жалақыдан бір есе аз. Университеттегі жас заңгер-оқытушының жалақысы корпоративті сектордағы біліктілігі өзімен тең маманға қарағанда 5 есе төмен, деп толықтырды ол.

Елдегі заңгерлердің орташа жасы 65 жас деп алар болсақ, демек университетте сабақ беретін білікті заңгерлер қартайып барады. Бұған жас мамандардың заңгер мамандығын алып, ғылыми ізденіс жасауының орнына халықаралық заңгерлік фирмаларға кетуі секілді мәселені көрсетеді. Нәрікбаевтың сөзінше, дарынды студенттерді дайындайтын ешкім жоқ. Сол себепті білім беру ордасында кадр жетіспеушілігі қауіпті болып отыр. Ал ол ертең де маман тапшылығына әкелмеуі үшін қазірден бастап қолға алу керек. Маманның сөзінше, білікті маманды университетте сабақ беруге алып қалудың бірден-бір жолы – ғалымдардың жалақысын көтеру, жас мамандарды ғылыми ортаға тарту.

Айтуынша, KAZGUU Unıversıteti прфессорлық құрамы Readability of Law жобасын бастады. Жоба ҚР қолданыстағы заңдардың қабылдау және оқуға жеңілдігі мәселесін қарастырады.

Ал заңға қатысты терминологияның қиын болуына қатысты Нәрікбаев заң жобаларын әзірлеу барысында Ұлыбритания тәжірибесіне сүйене отырып, «Жасыл» және «Ақ» кітап механизмдерін енгізуді жоспарлап отырмыз деп түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы кей жоғары оқу орындары әлем бойынша білім беру ордаларының рейтингінн көрсететін QS университеттер рейтингінде бар. Алайда бұл рейтинг нені шешіп, сол білім ордасындағы студент үшін қандай жол ашатынын жұмбақ. Осы және өзге де сауалдарға Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев  айтты.

Оның сөзінше, бүгінде айтылып жүрген, жарияланып жүрген қазақстандық университтер арасындағы рейтинг шынайы деңгейді көрсетпейді.

Ол сондай-ақ қазақстандық докторанттарға ғылыми мақаланы жариялау міндеттелген Scopus мәліметтер базасы туралы да ой қозғады.