Ресейлік ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Ресей билігін Қырғызстанның қарызын кешіре бермей, орнына Ыстықкөлді бергізуді сұрады. Бұл туралы Regnum ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Мәселе Қырғызстанның Ресей алдындағы 240 млн доллар көлеміндегі қарызында болып тұр.
"Қарызды тағы да кешіріп жатырмыз, бұл дұрыс емес. Ешкімге қарыз берудің керегі жоқ, керісінше Ресейдің гүлденгені қажет. Сол кезде барлығы бай әрі бақытты елде өмір сүру үшін жүгіретін болады. Ресей қазір кедейдің халінде, ал қарызды кешіріп жатырмыз", - деді Жириновский.
Жириновский қарызды өтеу үшін қырғыздан Ыстықкөлді беруі керектігін айтты.
"Мен Қырғызстанға Ыстықкөлді беріңдер деп айтқам. Бізге 99 жылға жалға беріңдер, қарыздарың кешіріледі. Ол жаққа біз зейнеткерлер, мүгедектер мен студенттерді жіберетін боламыз", - дейді Владимир Жириновский.
Ресейлік саясаткердің бұл сөзі көптеген қырғыз азаматтарының намысына тиген.