04 шіл, 2022 сағат 18:36

Жетісу облысында жолда көкпар тартқандар видеоға түсірілді


Әлеуметтік желілерде автомобиль жолында көкпар өткізген шабандоздардың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Ашулы жүргізушілер видеоны Талдықорған-Текелі тасжолында түсірген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ат жарысын ұйымдастырушылар ұсталғанын мәлімдеді.

"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ат жарысын кім ұйымдастырғанын анықтады, көп ұзамай қатысушыларды да тапты. Қазіргі уақытта оларға қатысты ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қатысушылар ойынға беріліп, жолдың жүріс бөлігіне қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтты. Шабандоздар жол қозғалысына қатысушыларға қандай да бір зиян келтірген жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.