24 қаң, 2022 сағат 16:10

Желіде ШҚО-да полиция қызметкерін арандатқан мас адамның видеосы тарады


Желіде полиция қызметкерін арандатқан мас адамның видеосы тарады. Бұл видео Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында түрлі пікір тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде видео тарады. Онда мас ер адам учаскелік полиция қызметкерлерімен арадағы дау-дамайды телефонға түсіреді. Ол ашық түрде арандатады әрі полиция қызметкерлерінің өтінішіне былай жауап береді:

"Сіз" деп? Мен - сенің бастығыңмын, саған жалақы төлеймін ... Сен мен төлейтін салықтардан нан жеп отырсың. Ай сайын жалақы төлеймін. Мен - сенің қожайыныңмын. Қалай? Қызметші бастығымен неге осылай сөйлеседі?" - дейді ер адам.

Содан кейін ер адам полиция қызметкерінен аяғын есігінен тартуды, сондай-ақ, бетпердесін алып тастауды талап етеді.

"Аяғыңызды тартыңыз, бұл - менің меншігім", - дейді ер адам.

"Адам сияқты сөйлесейік. Атыңыз кім?"- дейді учаскелік полиция қызметкері.

"Менің атым? Патша Роман Александрович. Патша, патша, естіп тұрсың ба, қызметші? Сен - менің қызметшімсің, мен саған ақша төлеймін. Егер мен болмасам, нан жемес едің", - дейді ол.

Өскемен қаласының Полиция басқармасы бұл оқиға қалада болғанын растады. Видеодағы қызметкер - Ертіс аудандық Полиция бөлімінің учаскелік полиция капитаны Алексей Баландин. 20 қаңтарға қараған түні ол кезекшілікте болған. Полицияға көршілерінен тыныштықты бұзғанын айтқан шағымдар түскен. Сондай-ақ, сол кеште Алексейдің қызуы көтеріліп тұрған.

"Келген кезде бізге мас адам есік ашып, камераға түсіре бастады. Күн сайын осындай жағдайға тап боламыз және басты міндетіміз - азаматтардың тыныштығын қорғау әрі қандай да бір оқиғаның алдын алу", - деп түсіндірді Алексей Баландин.

Өскемен қаласының Полиция басқармасы өкілі бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын, оның санкциясы бестен онға дейінгі айлық есептік көрсеткіш түріндегі жазаны көздейтінін мәлімдеді.