25 қаз, 2022 сағат 19:28

Желіде ресейлік азамат ақтаулық тұрғынды атып тастады деген жалған ақпарат тарады


Желіде ер адамның басқа бір ер адамды мылтықпен атып жібергені түсірілген видео тарады. ІІМ аталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

YouTube-та тараған видеода "Ресейлік ер адам Қырым үшін ақтаулықты атып тастады" деген жазбамен жарияланған.

"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Осы фейкті Желіде таратқан ер адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР ІІМ ресми телеграм-каналында "атылған" ер адамның аман-есен екені туралы тағы бір видео жарияланды. Ол бұл видеоны олардың Ермек есімді досын алдау үшін арнайы түсіргенін айтты.

"Біз Ермек досымызды осылай алдап, туған күнімен құттықтадық", - дейді ер адам видеода.