07 мам, 2022 сағат 11:41

Желіде Каспийге қара сұйықтық төгіліп жатқан видео тарады


Әлеуметтік желіде Каспийге қара сұйықтық құйылып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Лада сайтына сілтеме жасап.

Кадрдан қара түсті сұйықтықтың құбырдан күшті қысыммен ағып жатқанын көруге болады.

Теңізге сұйықтық ағызып жатқан құбыр "Достар" мен "Keppel-Kazaskhtan" ЖШС жағажайларының ортасында орналасқан.

Әзірге облыстық экология департаменті бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.