03 мам, 2022 сағат 14:12

Желіде балшықта отырған баланың видеосы көпшілікті сүйсіндірді


Рikabu.ru ресейлік ойын-сауық сайтында балшықта отырған баланың видеосы жарияланды. Видео бірнеше сағатта жеті мыңнан астам қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоға балшықтың ортасында ойнап отырған бала түсірілген. Желі қолданушылары баланың қылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

Басылым мәліметінше, видео Маңғыстауда түсірілген. Бұл туралы жазба дереккөзі мәлімдеген. Бірақ ақпарат әлі расталмаған.