06 мам, 2022 сағат 09:42

Желіде Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы су тасқынының видеосы тарады

Lada.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында жаңбырдан кейін су тасқыны жүріп, ол Ақтау мен Жаңаөзенді байланыстыратын тасжолға дейін жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлер табиғи апатты видеоға түсіріп, Желіде таратты. 

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, Маңғыстауда 6, 7 мамырда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Жауын-шашын салдарынан жолдың көрінуі нөлдік пайызға жетуі мүмкін. Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауды ескертті.