05 қыр, 2021 сағат 01:44

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлері циклон жырасының ықпалында және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдерде болағандықтан жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. 

Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында бұршақ жауып, дауыл соғады

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыстаында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында күндіз тауларда найзағай күтіледі, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының орталығында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.