18 қаз, 2023 сағат 14:58

Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы кімдер үшін енгізіледі?

© Pixabay / Bru-nO

Жылына 50 млн теңге табыс табатын қазақстандықтар үшін жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз жылына 40-50 миллион теңгеден астам табыс табатын жеке тұлғаларға прогрессивті жеке табыс салығын енгізуді қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ пассивті кіріске, яғни депозиттерге, бағалы қағаздарға да прогрессивті шкаланы қолдануды көздеп отырмыз", - деді Қуантыров Мәжіліс кулуарында.

Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы дегеніміз – табыстың мөлшеріне қарай өзгеретін салық ставкасы. Яғни прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы төмен азаматтар салықты аз төлесе, ал жалақысы көп азаматтар үшін салық мөлшері ұлғаяды.

Қазіргі таңда қазақстандықтар өз жалақысынан 10% жеке табыс салығын төлейді.