#
#
Сенбі 17/04/2021

Жазушылар одағы мен Алматы қаласы музейлер бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • 11.03.2021
  • 0
  • 5143

Кеше, 10 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Меморандумға сәйкес аталған мекемелер өскелең ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын бағдарламаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, көрмелер, мәдени-ағарту іс-шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырып, көрнект қаламгерлердің шығармашылық өмір жолы, қоғамдық қызметі мен ізденістерін жан-жақты насихаттау барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


«Біздің бірлестіктің құрамында әдеби-мемориалды музей бар. Мұқанов, Мүсірепов... Сол жерде болашақта ақын-жазушылардың іс-шараларын өткізсек деген жоспарларымыз бар. Зиялы қауымның жәдігерлерін жеке комплекс дейді ғой, кешендік музейге қабылдау жұмыстарын жасасақ», – деді қалалық музейлер бірлестігінің директоры Әнуар Үмбетәлиев.

Аталған қос ұйым өкілдері қаладағы бірқатар мұражайларға қатысты ойларын ортаға салды. «Елдің әдебиеті мен мәдениетін көркейту қай кезеңде де мойынға артылған жүк боп қалмақ», – дейді ел ағалары.  

Алдағы уақытта тараптар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық меретойына орай көшпелі көрме ұйымдастыру, Бірлестікке кіретін музейлерде ақын-жазушылармен шығармашылық кештер өткізу сынды көптеген әдеби-мәдени шараларды бірлесіп атқарады.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар