31 мам, 2019 сағат 11:21

Жаздың алғашқы күндері бұршақ жауып, екпінді жел тұрады

«Қазгидромет» РМК 1-3 маусым - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық фронттардың әсерінен жаздың алғашқы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады. Жел екпіні күшейеді.

Ауа температурасы аздап төмендеп, орташа көпжылдық көрсеткішке жақын болады. Бірақ батыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура климаттық нормадан 3...6°С жоғары болады.