16 қаң, 2020 сағат 06:55

Жаркентте бірқатар көшеге батыр-билердің есімі берілді

Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы - Жаркент қаласының он бір көшесі 2020 жылдан бастап жаңа атауларға ие болды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жаркент қаласының бірнеше көшесіне сондай тұғырлы тұлғалардың есімі берілді. Атап айтқанда, бұдан былай жаңа шағын аудандағы №6 көше - Ұзын мұрт Ұзақ батырдың, №7 көше - Шойнақ батырдың, №9 көше - Сатай батырдың, №10 көше - Дөнен бидің, №11 көше - Шәнті бидің, №12 көше - Бөлек батырдың, №13 көше - Бағай батырдың, №16 көше - Салпық бидің, бұрынғы «Набережная» көшесі - Нұржеке батырдың есімімен аталады.

Сонымен бірге бұрынғы Шекарашылар көшесі мен №17 көшеге ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Тұрғанғазы Жапарқұловтың және Нәби Сарпековтың есімдері берілді.