Фото: ашық дереккөз
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
45 жастағы Тэцуя Ямагами саясаткерді қолдан жасалған қарумен өлтіргенін мойындаған. Прокуратура соттан оны өмір бойына түрмеге қамауды сұраған. Ал айыпталушының адвокаттары қорғауындағы адамға 20 жылдық жаза тағайындауды талап еткен.
