"Жанұя" – режиссер Серік Таластың алғашқы толықметражды туындысы. Түсірілімі бір жарым айға ұласқан фильмнің тұсаукесер рәсіміне жас пен ересектер арнайы келген.
Драмалық фильмге барлығы 40 актер жұмылдырылған. Негізгі рөлдерді 7 адам сомдайды. Әкенің рөлі үшін белгілі әртіс Ержан Жарылқасын Алматыдан арнайы шақырылыпты. Ал кино идеясының авторы – Нұрлыбек Пралиев, режиссері Серік Таласов. Шығармашылық топтың айтуынша, оқиға шынайы шығуы үшін тың тәсілдерді қолданған.