06 там, 2021 сағат 12:26

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, 7-9 тамызда атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде нөсер, бұршақ жауады.

"Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, ал батыста 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.