10 нау, 2026 сағат 15:55

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

Фото: ашық дереккөз

Орал және Ақсай қалалары бойынша 32 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол қазіргі уақытта Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2024 жылы су басқан жаңа учаскелердің анықталуына байланысты аталған жұмыстардың орындалу мерзімдері созылып кетті. Осы учаскелер бойынша қосымша гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ су басуға бейім аумақтардың функционалдық аймақтандырылуын қайта қарау қажеттілігі туындады. 

"Орал қаласы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіліп,  жоба мақұлданды. Енді құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі", — деді Нариман Төреғалиев.