24 там, 2017 сағат 20:53

Жанарбек Әшімжан - «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы

Белгілі ақын, журналист Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сонымен қатар ол Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры қызметін қоса атқарады.

«Қазақ журналис­тикасына сіңірген еңбегі үшін» төс бел­гісімен марапатталған Жанарбек Әшімжан «Шабыт» халықаралық фестивалі Поэзия бөлімінің Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлы­ғының лауреаты.

Одан бөлек, «Тұран Әлем Банкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;

Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I орын жүлдегері;

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы;

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген.

«Алматы ақ­шамы», «Жас Алаш», «Жас қазақ» басылымдарында қызмет атқарған Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетін де жаңа белес­терге бастайтынына сенеміз.

Осы орайда, Ұлт порталы елдің бас әдеби газетінің тізгінін ұстаған ақынды ерекше ықыласпен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.