Фото: Блогерлердің жеке архивінен
Астанада блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айыпталушыларға жаза мерзімін белгілеуді сұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Прокурор Ерболат Жанәбіловке 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, түпкілікті жазаны 2 жыл шартты түрде өтеу және мүлкін тәркілеу түрінде белгілеуді сұрады.
Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеу ұсынылды. Бұған қоса, жаза мерзімін екі жылға кейінге қалдыру көзделіп отыр.
Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушылар лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде табыс тапқан. Сондай-ақ оларға қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бабы бойынша айып тағылған.
Егер сот прокурор ұсынысын қолдаса, Ерболат Жанәбілов пробациялық бақылауға алынып, бірқатар шектеулерді сақтауға міндеттеледі.
