25 сәу, 2026 сағат 14:11

Алматыда шоу үшін дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды


Фото: Бейнежазбадан


Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Полиция мәліметінше, ол әлеуметтік желіге жариялау үшін қала көшелерінің бірінде әдейі дрифт жасаған. Құқық бұзушы жедел анықталып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды.


Сот шешімімен жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Полиция мұндай қауіпті әрекеттердің соңы ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Құқық қорғау органдары әрбір заң бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.