#
#
Жұма 07/08/2020

Жаңа жәрдемақы: Студент балалары бар отбасылар бір мекенжайда тіркелуі міндетті ме?

  • 09.12.2019
  • 0
  • 339

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жәрдемақыны алатын отбасылардың студент балалары бір мекенжайда тіркелуі міндетті емес екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ондай мәселе болған, яғни заңнамада «бірге тұратын балалар» деген түсінік болды. Сондықтан осыдай мәселелер туындады. 2020 жылға дейін уақыт бар. Осы орайда тиісті шешімді қабылдадық. Оқуына байланысты сыртта жүрген балалардың барлығын бір мекенжайда тұрады деп санаймыз. Осы бағатты тиісті нормативтік-құқықтық актілер жасалады», - деді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады.

Осы орайда, аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар