2019 ж. 9 маусымда өткізілген ҚР Президентін сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы елдің Президенті болып сайланды. Бұл сайлау Президент Н.Назарбаевтың сайлау өкілеттілігінің мерзімі аяқталудан бұрын болғанымен ерекшеленді. Осылайша қазіргі Президент Қ-Ж.Тоқаев 2020 ж. сәуірге дейін ҚР Президенті қызметін атқаратын болды.
Қазақстанның алғашқы Президенті Н.Назарбаев басқаратын «Нур-Отан» ірі саяси партиядан қазіргі басшы Қ-Ж.Тоқаев сайланған. Осы Жолдауда Бірінші Президенттің саясатын жалғастырып, жақын уақытта мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғам мен экономиканың өсуінде елеулі өзгерістер мен реформалар енгізетін тұрақты саясат ұстанатын ойы көрінді.
Осы елдің алғашқы Президенті Н.Назарбаевтың басты саясаты ретінде 2030 ж. дейін даму стратегиясын жасап, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енуді мақсат еткенін бәріміз білеміз. Осы аяда халықтың бейбіт, достастығын нығайту, жаһандық және өңірлік деңгейлердегі мәртебесі мен абыройын арттыру, экономикалық әлеуетті күшейту, бұқара халықты бақытты да жырғаулы, тыныштықта өмір сүргізу үшін жұмыстар жүргізіліп келді.
Мемлекетті 30 жыл басқарған Президенттің ішкі, сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан саяси және қоғамдық-экономикалық дағдарыстардан аман-сау, жан-жақты дамудың және ауыспалы уақыттың қиыншылықтарын басып өтіп, бүгінгі гүлдену мен дамуға қол жеткізді деп айтуға болады.
Халықаралық қатынастар, мемлекеттану, сыртқы саясат салаларын зерттеуші ретінде біздің қазіргі Президент Қ-Ж.Тоқаевтың сыртқы саясаты, өңірлік ынтымақтастық, көршілес елдерге ұстанатын ұстанымы қалай болатындығы және қалай іске асырылатынына жіті назар қойып отырмыз.
Жаңа Президенттің биыл өз халқына арнаған Жолдауына қарағанда, мемлекеттің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, елдің тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталғанның сыртында, бұрын мемлекет тарапынан азаматтарды әлеуметтік қолдау қызметі, жоғары оқу орындарындағы стипендиялар мөлшерін көбейту, сондай-ақ кедейліктің деңгейін төмендету, көп балалы аналарға жәрдемақыны молайту, жұмыс орындарын құру, халықтың бейбіт өмір сүру ортасын жасау секілді мәселелерге ерекше назар аударғанын байқауға болады.
Моңғолияның Ғылымдар академиясы,
Халықаралық қатынастар институтының директоры, доктор Д.Золбоо.