Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда өндіріс және жұмысшы саласының өкілдерін тұрғын үймен қамтуды көздейтін «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы өз нәтижесін беріп келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланған кезеңде қолға алынған бұл бастама арқылы бүгінде 1990 адам қоныстойын атап өтті.
Бағдарлама қатысушылары — құрылыс, энергетика, көлік, мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен ирригация салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар.
Бағдарлама 2025 жылдың көктемінде жұмысшылардың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында іске қосылған. Өтінімдер 17 наурыздан бастап қабылданған.
Ең көп несие алғандар:
-
өнеркәсіп пен құрылыс саласы – 1 176 адам;
-
көлік саласы – 396 адам;
-
энергетика саласы – 269 адам.
Жалпы бағдарлама 1 143 экономикалық қызмет түрін және 8 230 жұмыс мамандығын қамтиды.
Бағдарламаға қатысу үшін конкурстық іріктеу талап етілмейді — тек жұмыс орнынан лауазымы мен мамандығын растайтын анықтама жеткілікті.
Қатысушылардың орташа жасы – 31 жас, ал тұрғын үй иелерінің шамамен 20%-ы – әйелдер.
Несие шарттары:
-
Астана және Алматы қалалары үшін — 36 млн теңгеге дейін;
-
Өңірлер үшін — 30 млн теңгеге дейін;
-
Мөлшерлеме — жылдық 7%-дан 9%-ға дейін.
Қажетті шарттар:
-
банкте депозиттің болуы (өтінім алдында ашуға болады);
-
жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы;
-
соңғы 5 жылда өтінім беруші мен отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы;
-
соңғы айларда ресми табыс пен зейнетақы аударымдарының болуы.
Бұл бастама — жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
