Фото: ашық дереккөз
Егер жаңа Конституция жобасы референдумда қолдау тапса, құжат 1 шілдеден бастап күшіне енеді, ал қолданыстағы Конституцияның күші жойылады. Сонымен қатар қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Өтпелі ережелерге сәйкес, жаңа Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Президент жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайға сайлау тағайындауы тиіс.
Ал сайлаудың өзі тағайындалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуі қажет.
Осылайша, Конституция қабылданған жағдайда елдегі заң шығару жүйесі мен Парламенттің құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырайды.
