Фото: egemen.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов өзінің мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқаруындағы елдің дамуы туралы пікір білдіріп, Тоқаевтың жеті жылдық президенттік кезеңін дағдарыстарға жедел жауап беруден жүйелі дамуға көшу кезеңі деп атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.«Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметінің жеті жылы дағдарыстарға жауап беруден жүйелі дамуға көшу кезеңі болды: экономика әртараптандырылды, инвестициялар тұрақты бола бастады, инфрақұрылым сенімдірек, әлеуметтік саясат – нақты бағытталған.
Құрылған негіз Қазақстанға институционалды тұрғыда құрылымдалған модельге сүйене отырып, ұзақ мерзімді басымдықтарды ескере отырып, болашақты сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихи даму кезеңінде тұр», — деді Олжас Бектенов.
Мақалада мемлекет басшысының бастамасымен, кең ашық талқылаулардан кейін, эксперттік және ғылыми қоғамдастық пікірін, Қазақстан қоғамының барлық сегменттерін ескере отырып, елдің жаңа Конституциясының жобасы дайындалғаны айтылды.
«Жаңа Конституция жобасының ерекшелігі – оның прогрессивті рухы мен болашаққа бағытталғандығы. Онда халықтың үміті бейнеленген, сондай-ақ мемлекет басшысы – Президент Тоқаевтың Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуы, көптеген қазақстандық ұрпақ үшін бейбіт әрі қауіпсіз өмірдің мықты негізін қалдыру ниеті айқын көрінеді.
Мен сенемін, еліміз азаматтары дұрыс таңдау жасап, мемлекет басшысының бастамасын қолдап, Күшті, Әділ, Қуатты Қазақстан құруға өз үлестерін қосады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
