28 қаң, 2021 сағат 08:08

Жаңа қаулы: Алматыда коронавирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады» делінген қаулыда.

Құжатта бұдан былай коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылатыны да айтылған. Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелерге сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бөлек тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан супермаркеттердің, дүкендер мен дәріханалардың жұмысына белгілі бір жағдайларда рұқсат беріледі.

Бұған дейін Алматыда демалыс күндері сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істемейді.