17 мау, 2025 сағат 12:30

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті бұзған блогер 10 тәулікке қамалды

Фото: Polisia.kz

Супермаркеттердің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол қойылым ретінде көліктің әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, айналадағы адамдарды шошытқан. Полиция блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартты.