29 там, 2023 сағат 10:44

Жамбыл облысында 50 мыңдай вейп жойылды


ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында вейптерді жою жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құрылғының жалпы саны - 49,5 мың дана, құны 171 миллион теңгеден асады.

"Қазақстан Республикасының аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдап жатыр. Нәтижесінде ағымдағы жылы тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны - шамамен 175 мың дана, құны - 350 миллион теңге" - делінген хабарламада.

Департамент қылмыстық істер бойынша үкім шыққаннан кейін аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.