10 қаң, 2018 сағат 16:26

Жамбыл облысына жаңа әкім келді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Асқар Исабекұлы Мырзахметов - 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 

Ол Алматы зооветеринарлық институтын (1984); Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988). «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 

1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер;  

1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті; 

1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры;  

1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры;  

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызметтер атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы; 

2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасаған. 

2016 жылдың мамырынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі;

2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).

Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған еді. 

Ал, осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған.