20 мам, 2021 сағат 17:18

Зеленский Донбасс мәселесін референдумда шешуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский бүкілукраиналық референдумдағы алғашқы мәселелердің бірі Донбасстағы жағдай болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Бүгінде бұл ең маңызды мәселе болуы керек. Ол - Донбастағы жағдай. Біраз уақыттан кейін, өйткені бізде соғысты тоқтатуға қатысты бірнеше жоспар бар - А, В, С - осы тақырыппен референдум өткіземіз. Жоспарлардың бірі орындалуы мүмкін", - деді Зеленский Украина президенті ретіндегі екінші мерейтой қорытындылары туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

8 сәуірде президент Владимир Зеленский "Бүкілукраиналық референдум туралы" Заңға қол қойды. Заңға ел президенті халыққа мемлекеттік мәселелерді саясаткерлер қатысуынсыз дербес және тікелей шешу құқығын беру туралы бастама көтерді.

Заңға сәйкес бүкілукраиналық референдум тақырыбы Украина Конституциясының I, III, XIII бөлімдеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар; ұлттық маңызы бар мәселелер; мемлекеттің аумақтық тұтастығы сақталған жағдайда Украина аумағын өзгерту туралы мәселе, сондай-ақ Украина Заңының немесе оның жекелеген ережелері күшін жою туралы мәселе болуы мүмкін.