23 ақп, 2019 сағат 15:35

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Юлия Галышева Жапонияның Тазавако қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогының үшінші кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылғы әлем чемпионы іріктеу кезеңінде аса қиналған жоқ. Ол шешуші кезең қарсаңында Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға ғана есе жіберген. Жарыстың ақтық сынында Галышева 76.92 ұпай жинап, үшінші сатыға тұрақтады. Алтын жүлде 82.97 ұпай жинаған Перрин Лаффонның, күміс медаль 79.87 ұпайы бар Энтони Джакараның еншісінде», - делінген комитет хабарламасында.

Ал Аяулым Әміренова, Павел Колмаков, Сергей Романов, Александр Геберт пен Олег Цинн іріктеуден өткен жоқ.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында могулдан әйелдер арасындағы чемпион анықталды. Қазақстандық Юлия Галышева әлем чемпионы атанған болатын.