01 қаң, 2017 сағат 15:44

Ыстамбұлдағы теракт кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) террористік актіге байланысты мәлімдеме жасады.

«2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұл қаласында ондаған адамдардың қазасына себеп болған террористік актіні қатаң түрде айыптаймыз.

Осы қатыгез қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетінің күәсі болып отырмыз, дегенімен оның ұйымдастырушылары мен демеушілері міндетті түрде анықталып, тиісті жазаға тартылатындарына сенімдіміз» делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомоствосы қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтаса отырып жарақат алғандарға тезірек жазылуларын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына терроризммен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейді.  

Ұлт порталы