Фото: ұйымдастырушылардан
Республикалық кәсіби шеберлік WorldSkills Kazakhstan чемпионаты аяқталды, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Үш күн бойы жас мамандар "үздік" атағын иеленү үшін күресті.
Бұл шара Президенттің жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ерекше маңызға ие. Премьер-Министр Олжас Бектенов чемпионаттың финалистерімен кездесіп, олардың алған білімдерінің маңызды екенін айрықша атап өтті. Ол цифрлық трансформация мен технологиялық прогресстегі өзгерістерге дайын болу керек екенін айтты.