23 нау, 2026 сағат 12:13

23 наурыз – Тазару күні

Фото: ҚР МАМ

Тазару күні – адамзат табиғаттың бір бөлшегі екенін еске салатын Наурызнама онкүндігінің соңғы күні.

Бұл атаулы күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті нығайтуға үндейді.
Наурыз мерекесі ертеден өткеннің сарқыншағынан құтылатын, жаңаратын кезең. Бұл тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, рухани тазалықты да дәріптейтін мейрам.

Бүгін «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі.

«Тазару күні» - бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартуға күш салатын күн. Бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Тазару күнінде «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу шаралары өткізіледі.