04 жел, 2019 сағат 06:00

«Восточка» тұрғын-үй кешені 2020 жылы жазда пайдалануға беріледі

«Восточка» тұрғын-үй кешенінде желтоқсан айында құрылыс жұмыстары басталады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығының кешен тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын кешеннің 16 үйінің құрылысын аяқтауға 7,1 млрд. теңге көлемінде қаржы тартады.

Кешен жаңа салушыға тапсырылды. Сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғыдай қалады.

Айта кеткен жөн, инвестор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен құрылыс салушы «Baur Development Group» ЖШС арасында 2016 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында «Восточка» ТК объектісін салуға инвестиция құю туралы шарт жасалды.

Алайда, құрылыс тұралап қалған. Нысан пайдалануға 2019 жылдың наурыз айында беріледі деп жоспарланған. Бірақ, құрылыс салушы шарт бойынша міндеттемелерді уақытылы орындамаған, жоспарланған уақытқа құрылыстың бітпеу каупі туындады, осыған байланысты келісім-шарт бұзылды. 2019 жылдың 17 шілдесінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Berkut Development ЖШС-мен аяқталмаған құрылыс объектісін тапсыру туралы шарт жасасты. 16 үйде 1008 пәтер бар, оның ішінде қазіргі уақытта алдын ала сату шарттары бойынша 477 пәтер сатылды. Сатып алушылардың ақшалай қаражаты экстроу-шоттарда сақталады.

«Біз Алматы қаласының әкімдігімен және құрылыс салушыымен меморандумға қол қойдық. Желтоқсан айының ортасына дейін қаржыландыруды ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа шарттарға сәйкес кесте құрдық және 9 ай ішінде құрылысты толығымен аяқтаймыз», «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Объектілер кезең-кезеңмен тапсырылатын болады: 5 ай ішінде 4 үй, тағы 7 үйді 7 ай ішінде, қалған 3 үй 9  ай ішінде тұрғызылмақ. Яғни, үйлердің басым бөлігі мамыр айында, маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі. АҚ басашылығы барлық сатып алушылар бастапқыда жасалған шарттармен үй алатынын айтты.  Өз кезегінде жаңа салушы құрылыс жұмыстарына кірісті.

«Біз 16 үйді, сыртқы және ішкі алаңдағы барлық кешенді, желі мен аббаттандыруды аяқтаймыз. Кейбір үй бөліктерін: әрлеу және ішкі жұмыстарын, сондай-ақ бөлме құрылысы жұмыстарын біз өз  қаржымызға салуды бастап кеттік» ,- деді Berkut Development директоры Мадияр Бухтарбаев.

Қала әкімдігі «Восточка» ТК-де сыртқы су құбыры желісін, кәріз, электрмен жабдықтау және қазандық салуға уәде берді. Олар өз жұмыстарын желтоқсан айының соңына дейін аяқтауға уәде берді.

Ұлт порталы