18 ақп, 2019 сағат 16:58

Ұтымды әрекет - мемлекет мүддесі

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында басты мәселелердің бірі мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру болып табылатыны көрсетілген.

2018 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1130 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда №18134 болып тіркелді). Заң мен қағидалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Заңның негізгі жаңашылдығы:

1. Мемлекеттік сатып алуды жеңілдету

Біріншісі, бір көзден алу тәсілімен жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың шекті сомасы 100 АЕК-тен 500 дейін көтеріледі (1 262 500 теңгеге). Бұл маңызды емес мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Негізінен бұл норма шағын бюджеттегі тапсырыс берушілерге (балабақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, интернаттар, қарттар үйлері) қатысты. Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу шеңберінде ауылдық әкімдіктер үшін бұл табалдырық 3 мың АЕК дейін көтеріледі (7 575 000 теңгеге). Ауылдық әкімдіктер үшін бұл норма 2021 жылға дейін ауылдық әкімдіктер қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша дағдыларын қалыптастыру кезеңінде әрекет ететін болады.

Екіншісі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда (1 000 АЕК немесе 2 525 000 теңгеге дейін сатып алуда) тапсырыс берушілерге құжаттамада тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық беріледі. Бұл сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Сол нормаға қазіргі уақытта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуда сапасыз тауарларды, әдетте, бұл контрафактілік өнімдерді жеткізудің үлкен проблемасының бар болуы негіз болып тұр.

Мұндай өнім жалпы техникалық ерекшелікте көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді. Алайда, тауарларды қабылдағаннан және оны пайдаланғаннан кейін олар тез істен шығады.

2. Біліктілікті арттыру

Біріншіден, демпинг мәселесі шешілуде. Енді «демпингтік баға» және оны болдырмау туралы нақты түсінік берілген. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына елеулі өзгерістер енгізілді, онда конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасының тәртібі айқындалады.

Демпингтік бағаларды ұсынуға жол берілмейді. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес, алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие конкурсқа қытысушы жеңімпаз болып танылады. Төленген салықтың сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Екінші, қазіргі уақытта «кәсіби шағымшылар» тобы пайда болды, оларға шағымдану мемлекеттік сатып алу мерзімдерін бұзудан заңсыз пайда табу құралына айналды. Әдетте, мұндай «кәсіби шағымшылар» мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетінсіз өзара қарау шеңберінде басқа қатысушылардың ақпаратына қол жеткізу мақсатында өтінімдер береді. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ұсынылады:

1) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салу;

2) конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауға қатыспаған әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарастырмау;

3) үшінші тұлғалардың (сатып алуға қатыспаған) шағымдары бойынша шарт жасасу мерзімін тоқтатпау. Үшіншіден, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметтерінің ақылы болуы.

-Шекті сома 1 млн. теңгеге дейін, АЕК-тегі тариф жылына 1 АЕК, теңгедегі тариф жылына – 2 525;

-Шекті сома 10 млн. теңгеге дейін, АЕК-тегі тариф жылына 10 АЕК, теңгедегі тариф жылына – 25 250;

– Шекті сома 100 млн. теңгеге дейін, АЕК-тегі тариф жылына 20 АЕК, теңгедегі тариф жылына – 50 500;

– Шекті сома 1 млрд. теңгеге дейін, АЕК-тегі тариф жылына 60 АЕК, теңгедегі тариф жылына – 151 500;

– Шектелмегені, АЕК-тегі тариф жылына 122 АЕК, теңгедегі тариф жылына – 308 050.

3. Бір көзден сатып алуды қысқарту

Біріншісі, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың 53 негізінен 5 жағдай алынып тасталады:

1) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

2) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу;

3) монетарлық қызметті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сатып алу;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Екіншіден, тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алулары өткізілмеді деп танылған жағдайда, оларды қайта өткізу міндеті бекітілді. Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік береді. 

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік сатып алуды тиімді және уақытылы және ашық өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің жариялылығын қамтамасыз етуге және ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Мемлекеттік сатып алу басқармасы бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстарды, сондай-ақ, Қарағанды облысының мемлекеттік органдары, мекемелері мен кәсіпорындары жүргізетін барлық мемлекеттік сатып алуларға талдау мен мониторинг жүргізеді.

Басқарма қолда бар құзырет шеңберінде тұрақты негізде облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік сатып алумен айналысатын аудан/қалалар қызметкерлері арасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану және түсіндіру мәселелері бойынша және камералдық бақылауды жүргізу қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізеді.

«Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ мен Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерінде ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумға сәйкес, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңестер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін енгізу және қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы облыс бойынша 105 млрд. 229 млн. теңгеге 3 238 конкурс және аукцион өткізілді (оның ішінде, 1 млрд. 027 млн. теңгеге 81 аукцион), оның ішінде, өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындысы бойынша шартты үнем 20 млрд. 623 млн. теңгені құрады.

Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жалпы сомасы 21 млрд. 252 млн. теңгеге 996 конкурс және аукцион өткізді (оның ішінде, 343 млн. теңгеге 22 аукцион), өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындысы бойынша шартты үнем 5 млрд 193 млн. теңгені құрады. Қалалар мен аудандар жалпы сомасы 83 млрд. 977 млн. теңгеге 2 242 конкурс және аукцион өткізді (оның ішінде, 684 млн. теңгеге 59 аукцион), өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындысы бойынша шартты үнем 15 млрд. 430 млн. теңгені құрады. 2018 жылы бірыңғай ұйымдастырушы ретінде Мемлекеттік сатып алу басқармасы жалпы сомасы 6 млрд. 430 млн. теңгеге 22 конкурс өткізді, өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша шартты үнем 1 млрд. 017 млн. теңгені құрады.

Бұл бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілерді салу немесе қолда бар объектілерді қайта жаңарту, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілерді салуға және қайта жаңартуға қолда бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолда бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету сияқты конкурстық рәсімдер, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілерді салу және қайта жаңарту кезінде тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету секілді конкурстық рәсімдер. Басқарма тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу процесін заңнамалық реттеуге талдау жүргізіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді.

Мұрат КАДЕКОВ,

Қарағанды облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.