Фото: © Flickr/jnd_photography/Be OH be
Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берген.
"Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды" - делінген хабарламада.