15 қар, 2018 сағат 14:32

Ұрпақты қорғаудың кілті тағылымды тәрбиеде

Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін һәм саламатты ұрпақ қалыптасу үшін рухани тәрбие тал бесіктен бастылуы керек. 

Тіршілік (биосфера) әлемінен өтіп, енді басталған Сана (ноосфера), әлемінің заңдарына сай, өмір сүретін жас ұрпақты тәрбиелеуді бастамас бұрын, біз оларды, әлем үйлесімділік заңдылығынан хабардар етелік. Тән тәрбиесі адамды Табиғатпен байланыстырып, оған тәні ауырмай, табиғат заңына сай тіршілік кешуді үйретсе, Жан тәрбиесі, адамды жаны қиналмай, Қоғамда өмір сүруге үйретеді, ал Рух тәрбиесі, ұрпақты болашақпен байланыстырып, әлем үйлесімділік заңдылығына  сай, Табиғат, Қоғаммен, үйлесімділікте болуға тәрбиелейді...

Сондықтан, біз, ұрпақ сабақтастығын, әлем үйлесімділік заңдылығына сай етуіміз үшін,  мектептептерде, Адамның Бүгіні үшін ғана беріліп жатқан, пендешілік (жаратылыстану-қоғамдық) ілімдерге қоса, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру жағында ойластыруымыз керек. Ал, ол үшін біз бүгін ең алдымен жүйесіз, тиіп-қашып беріліп жүрген тән-жан тәрбиесіндегі, кемшіліктерімізді түзетіп, олқылықтарды толтырып, ұрпақ тәрбиесін әлем үйлесімділік заңдылығына сай етіп, рухани тәрбиемен үйлесімділікте беру жағын ойластыруымыз керек...

Адамзат, өркениет туындылары: рентген, рад, грей, зиверт, БЭР шығаратын радиациялық сәулелерден: ақ қан, бедеулік, обыр т.б. қатерлі науқастарға шалдығуы мүмкін екенін біліп, олардан қорқады. Ал рухани сауатсыздықтан, нәпсіні тежей алмай, әлем үйлесімділік заңдылығы түгіл, тіпті Табиғат, Қоғам, Адам   заңдарына қайшы өсек, өтірік айтып, жалақорлық, зинақорлық, т.б. жасап «кірлеуден», яғни күнә жасаудан қорықпайтын болды. Сондықтан, бүгін, иман азайып, жүрек қатайды... Нәтижеде, қарттар, жетімдер, аналар үйлері көбейді...   

Адамзат, ұрпағының Ертеңін ойламай, тек өзінің, Бүгінімен ғана өмір сүргендіктен ол, ақша үшін: тәтті тағамдарға (торт, т.б.), қанттан 200 есе күшті, дәмдеуіш (аспартам) қосып,  сусақтықты (диабет) көбейтсе, ал жас ұрпақты ұялы телефонға тәуелді етіп, белсіздік тәрізді ауруларды көбейтті, осындай «жаңалықтарымен» адамзат бүгін өз тамырына балта шабуда. Сондықтан, ұрпақ жайын ойласақ, біз, осыларға тек ғылыми негіз берумен шектелмей, рухани жағында ойластырып,  адамға зиян келмейтін жағын да қарастырып, пайдалануымыз керек.

Тән тазалығымен қатар, адамға Жан тазалығыда қажет. Сондықтан, біз арам-адалды араластырмау үшін,  жас ұрпаққа арам-адалды ажыратуды үйреткеніміз дұрыс. Қазір, әль илляһи (трансцендент) қуатын  білмегендіктен, яғни рухани надандықтан, бала емізіп жатып «қос махаббатты қосу» деп, арам-адалды араластырып, жыныстық қатынас жасайды. Осының, нәтижесінде, пайда болған баланың,  сайтанымен (пролактин) періштесі (окситоцин) қосылып,  оның   тілі тәтті, бірақ жүрегі қатты кәззап болып, талайды тақырға отырғызары сөзсіз...

«Пышақ, дұрыс пайдалансаң, адамның қолын ұзартатын құрал, ал бұрыс пайдалансаң адамды жаралайтын – қару».  Қазіргі ТВ, ағартудан гөрі, аздыруға бет бұрған секілді, себебі «Американың күлкілі видиосы» сияқты хабарларға еліктеумен жасалған, ұлтымызға жат,  адамның  норадреналинін қоздырып, оның санасын оттан алып, суға салатын, яғни біреудің қорыққанынан ләззат алып, қара қуат жинайтын, осындай хабарларға, ұрпақ жайын ойласақ, тосқауыл қоюымыз керек! Мұның себебін, мамандар айтсын... Әлемде, қазір адам санасын жаулау үшін «соғыс» жүріп жатыр. Бұған, бір АҚШ 1 жылда 5 млрд доллар жұмсайды екен...

«Ләззат күні» (день оргазма)  «мейрамын» дүниеге әкеліп «Айына, танымайтын кісімен, бір рет болсада жыныстық қатынасқа түсу, денсаулыққа өте пайдалы» деп, жезөкшелікті ашық жарнамалап, жүрген  Донна Шихеннін сөзіне сеніп, екіқабат болып, баласын қоқысқа тастайтындар көбейді. Біз, қазір, жас ұрпақтың, «іргетасын» дұрыстап қалап, яғни нәпсісін тежеп, имандылыққа баулып, рухани тәрбие беріп, болғызбаудың орнына,  «мектепте, жүкті болмау жолдарын  үйрету  керек» деп, ұялмай, нәтижесімен күресуге үгіттеп жүрміз... 

Қазір, үлгі тұтқан, орыстарымыз  «спасибо, яғни «спаси бо(г)» деп, Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамға тілек айтса, олар «не стоит» деп қабылдамағасын, бізде соларға еліктеп, біреу  көрсеткен көмегіміз үшін «рахмет» деп тілек айтса, «әдептілік  белгісі» деп есептеп, «оқасы (қажеті) жоқ» деп, тәрк етеміз. Ал,«Рахмет» (толық «Рахым ет, Алла») бұл сөз қазір, алғыс болып есептеледі. Ал, бұл алғыс емес, тілек, қазір күнәсіз адам жоқ, сондықтан, бұл, Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамның күнәсін кешіруді сұрау, яғни имандылық.

Адамның басына түскен сынақ, егер, Алладан болса - «жазмыш» дейді, ал «тағдыр» деп, Жаратушының  Адамға берген 2 жолының бірін атайды. Қай жолмен жүруді, саналы адам, өзі шешеді. Сондықтан да, «Адам, өз тағдырының ұстасы» дейді. Тура жолмен жүргенге, бәле жоқ. Ал, нәпсісін тежей алмай, Жаратушының тура жолымен жүрмей, адасқан  Адамға, қатесін өзінен емес, өзгеден көру үшін «тағдырмен» «жазмышты» шатастырған ыңғайлы. Бұл, оған қатесін үкіметтен, заманнан, т.б., тіпті Жаратушыдан көрседе, өзінен көрмеуге жақсы ...

Бүгінде,  баланың  сал (ДЦП), микеще (аутизм), миғұла (паркинсон) т.б. науқастарға  шалдығып  туылуы, кәдуілгі жағдайға айналды. «Бұрын, өте сирек кездесетін бұл науқастар, қазір неге көбейді?»  деген, сұраққа, тіпті қазіргі медицинада тұшымды жауап бермейді. Қазір әлемде, 1/42 миғұла, микеще, сал науқастарымен туылса, біздің өзімізде 19 мың бала сал ауруымен тіркеуде тұр... Мұны, бірде табиғаттың тосын сыйы десе, енді бірде өркениеттің  дамуынан  дейді, ал кейде, тіпті «жазмыш» деп, Құдайдан  көрседе, Адам өзінен көрмейді...

Ал, бұл науқастарға кінәлі, нәпсінің құлы болған, рухани надан Адамның өзі. Бұрында, ұрпақ сабақтастығымыз мықты, ата-ана балаларына сыйлы кезде, мұның себебін қазақтың кезкелген кейуанасы біліп, алдын алуға тырысатын еді. Олар келіні екіқабат болып, бала көтергесін 4-5 айдан бастап, келінінің әлсіз, ал өз баласының нәпсіқұмар екенін байқаса «тумай жатып, немеремнің басына, тоқпақ тиіп, микеще болып жүрмесін» деп, келінін, босанғанша,  қасына алып жатқасын, «бұл науқастар, бізде болмаған» еді...  деуге болады.

Бұл, науқастардың, бізде пайда болуына  арақ, шарап, есірткімен бірге, БАҚ-тың жыныстық  «ойындарды» үздіксіз жарнамалауыда себеп болса, екінші себеп «екіқабат кездегі, жыныстық қатынастың, ләззәтін-ай»  деп, тамсана уағыздап жүрген  Тутти Ларсен секілді залымдардың сөзіне сеніп,  жабайы ләззатқа құштар болған,  біздің ұлтымыздың өкілдері де бар. Қазақ, осындай науқасы бар бала туылған румен «тексіз» деп құда болмаған. Ал өздері әйелі екіқабат болғасын, ұрпақ болашағын ойлап, 4-5 айдан бастап, әйелін «мазаламаған».     

Қазақ, міні жоқ затты «қыздың баласындай екен» дейді. Себебі қыз, жүкті болып қалғасын, ұялып, жыныстық қатынасын жалғастыра алмайды, сондықтан оның баласының  «басына тоқпақ тимейді». Ал «тоқпақты», ұрпағының болашағын ойламайтын, нәпсіқұмар, надан әкелер тигізеді. Сондықтан оларды «Көрейін таңның атуын, күннің батуын ғана білсең, серілік құрғаныңды»  деп, жұмысқа салған... не өзі есті болса нәпсісін, ермекпен (хобби) ауыздықтап, яғни артық қуатын қызығатын ісімен шұғылдануға жұмсаған...

Нәпсіқұмардың, хайуани әрекетінен баланы  қорғау үшін, жатыр үш қабат қабықтан жасалғанын, Құранның 23 «Аль Муминун» сүресінің 13-14 аяттарында айтқанын, адамзат  қазір ғана білді. Оның 1 қабаты адамның рухына, 2 жанына, ал 3 тәніне,  жауапты болып, оның 1 - соғылса, баланың мейрімі аз, салқын, ал 2- жани соғылса, пендешілігі басым болып - жемқор, т.б. ал 3- тәни зақымдалса бала микеще,  миғұла, сал, т.б. болатынын, әлем үйлесімділік заңдылығынан, сондай-ақ френологиядан хабары бар адам, енді түсіне бастады.  

Мәлімет. ҚР 2016 жылы, ажырасудан 1 орын, жанықастықтан әлемде 3 орын болды, бұл рухани қуаттың аздығы, тіпті жоқтығы. Нәпсінің құлы болғаннан 958 мың түсік тасталып (өлтіріліп), соның 20 мыңы екіқабат болып қалған оқушы қыздардан. Ал оқушы балалардың 35% арақ ішіп көрген болса, соның 17% ішуді әдетке айналдырған, ал 3,5 мың оқушы "маскүнем" деген, атпен, тіркеуде тұр... Бұған, «аққа, кір тез жұғады» деген,  жүйелі рухани  тәрбиенің жоқтығы, жынойнақтың көптігі себеп болып отыр...                                     

Тәни-жани болып саналатын 72 қуаттың ішінде, ең ауыр тәни қуаттар, адамның 7 түрлі әрекетінен шығады: 1- шерменделік (ата-анасы, не туысымен «жақындық»), 2-қызтекелік (еркектің еркекке құштарлығы), 3-еркекшора (әйелдің әйелге) 4- бәтшақорлық (педофилия), 5-жынысын өзгерту, не ақталану (чайлд-фри), 6 – өлім аңсау (эвтаназия), 7- ағза сату, жеу (маньяк) жатады. Жани қуаттар: 1-жемқорлық, 2-зинақорлық, 3-нашақорлық, 4-алаяқтық, 5-құмарпаздық, 6-маскүнемдіктен, 7-күншілдіктен шығады. Есің болса, осылардан аулақ бол!

Қорыта айтқанда...

Бүгінде біз Батысқа еліктеп, олардың ұстанымдарын басшылыққа алғандықтан, Шығысты – дінмен, ал Батысты – ғылыммен ғана астастырамыз (ассоциировать). Дегенмен біз Шығыстың түлегі болғандықтан, "Табиғат заңын бұзсақ - ауыратынымызды, Қоғам заңын бұзсақ - жазаланатынымызды, ал  Адам заңын бұзсақ-ұялатынымызды есте сақтаумыз керек» екенін, даналарымыз ескертіп кеткен. Сондықтан біз, аталарымыздың салып берген сара жолынан ауытқу, адасу екенін, ұмытпағанымыз дұрыс...    

Пайғамбарымыз, Қытайды онша ұнатпасада, «Пайдалы ілім болса, Қытайда болса да барып ал» деген, үмметіне өсиет қалдырған. Бұл «зерттемей көшіріп ал» дегенді білдірмейді. Біреуге болған, біреуге болмауы мүмкін. Сондықтан, мұны, өз ой елегіңнен өткізіп және бабаларыңның тектік-мұралық жадындағы мәліметтермен салыстырып,  «өзіңе қажетін ал» деген деп, түсіну керек... Жөйіттер, мұсылмандарды ұнатпасада, бізден шошқа етін жемеуді, баланы сүндеттеуді, жеті атасынан жақынға үйленбеуді, екі ғасырдай уақыт зерттеп алып, дұрыс екеніне көз жеткізгесін, Иерусалимде, жүзеге асыруға бәтуа шығарған...

Қазіргі ғылым, адам бойындағы 7 мың қоздырғыштың (гормон), 1 % жетпейтін, яғни 70-ке жуығын ғана зерттеп, оныңда 60- жуығы жайлы үстіртін, пікірін айтты... Ал енді, сол тәни, жани, рухани деп, аталатын 7 мың қоздырғыштың, әрқайсын ерекшеліктеріне қарай, имани, сайтани деп, екі айырсақ: қызтеке, еркекшора, бәтшақор cияқты азғындаулар  болмас еді... Қазір рухани сауатсыздықтан, шатастыруға болмайтын, махаббатпен-құмарлық сияқты, сезімдерді араластыруымызға байланысты, шерменделік (инцест) сияқты азғындау көбейді.

Сондай-ақ, егер қоздырғыштардың (гормон) ертедүние ғұламаларының еңбектерінен, қоздырғыштардың ұмытылған бөлігін тапсақ: қылмыс, жала, өтірік, сияқты т.б.  адамның  хайуни түйсігі шығаратын, әділетсіздіктердің нәтижесінен  құтылар едік. Ал Сана әлемінің үйлесімділік заңымен жүретін, жаңа Адам тәрбиелеу, біздің ұлтымыз сияқты жас, азғындап үлгермеген ұлтқа қиын болмасы анық. Сондықтан, жастарымыздың мейрімі аз, жүрегі тас болмау үшін, оларға «рухани тәрбие беріп, имани ұстаным қалыптастыралық»!

Мусатай  Көрпелиев