01 мау, 2023 сағат 20:28

«ҰЛЫТАУ: сөз бен сурет». Ақындар мен суретшілердің қатысуымен өтетін бірегей байқау

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» платформасында  «Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасында өтетін республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау).

Байқау ұйымдастырушысы:

Байқау Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» АА http://madeniportal.kz/ (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі. 

Ұйымдастыру комитеті:

  • Байқауды өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Мәдениет порталында»жариялайды;
  • Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
  • Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
  • Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.  

Байқаудың өткізілудегі мақсаты:

  • Қазақстандық ақындар мен суретшілер шығармашылығы арқылы Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында туған белгілі тұлғаларды насихаттай отырып, мәртебесін асқақтату;
  • Өнер альянсын /поэзия, сурет, үндестігін/ таныту;
  • Оқырман жұртшылықтың жаңашыл ортасын қалыптастыру;

Байқаудың өткізілу мерзімі:

Байқаудың өткізілу мерзімі 01.06.2023-30.08.2023 аралығында. Салтанатты марапаттау рәсімі Ұлытау облысы орталығы Жезқазған қаласында орайластырлады. 

Байқаудың шарттары:

БАЙҚАУ 2 КЕЗЕҢМЕН ӨТЕДІ

1-КЕЗЕҢ (ақындар):

2-кезеңде жеңімпаз атанған 6 ақынның шығармаларын негізге ала отырып, суретшілер сурет салады (картина жазады).

Байқауға әлемдегі этникалық қазақтармен қоса, республиканың барлық облысындағы, республикалық маңызы бар 3 қаласындағы АҚЫНДАР (бұдан ары – Үміткерлер) Ұлытау облысының мәртебесін асқақтату мақсатында, жас ерекшелігі сақталмай қатысады;

  • Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында дүниеге келген белгілі тұлғалар туралы патриоттық рухта жазылған 1 өлең, 2 еркін тақырыпта жазылған поэзиялық туынды ұсына отырып, қатысады. 
  • Байқау «Мәдениет порталында» онлайн түрде ашық өтеді;
  • Байқауға қазақ және орыс тіліндегі шығармалар қабылданады;
  • Байқауға үміткерлердің жас ерекшелігі сақталмай қатыстырылады; 
  • Байқауға қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
  • Байқауға қатысқан барлық ақындардың шығармалары жеке кітап болып жарық көреді. Кітаптағы QR-кодтар арқылы жеңімпаз ақындар туралы түсірілген бейнероликтерге сілтеме беріледі.
  • Жеңімпаз ақындар шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі.
  • Жеңімпаз ақындардың шығармаларына суретшілер сурет салады.
  • Ақындар поэзиялық шығармасын (өлеңін) онлайн түрде арнайы дайындалған «Мәдениет порталы» http://madeniportal.kz/ ақпараттық агенттігінде көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы жолдайды.

Байқаудың 1-кезеңінің өткізілу мерзімі:

Байқаудың АҚЫНДАРҒА арналған 1-кезеңі 01.06.2023 – 01.07.2023 аралығында өтеді.

1-кезең бойынша қазылар алқасының қортынды шығару мерзімі 01.07.2023 - 02.07.2023. Қазылар алқасының бағалау кезеңі онлайн түрде өтеді.

2-КЕЗЕҢ (СУРЕТШІЛЕР):

  • Байқауға әлемдегі этникалық қазақтармен қоса, республиканың барлық облысындағы, республикалық маңызы бар 3 қаласындағы СУРЕТШІЛЕР (бұдан ары – Үміткерлер) Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында дүниеге келген белгілі тұлғалар туралы сурет сала отырып, Ұлытау обылысының мәртебесін асқақтату мақсатында, жас ерекшелігі сақталмай қатысады;
  • Суертшілер байқаудың 1-кезеңі бойынша жеңімпаз атанған  6 ақынның поэзиялық шығармасын (өлеңін) негізге ала отырып, сурет салу арқылы қатысады; 
  • Байқауға үміткерлердің жас ерекшелігі сақталмай қатыстырылады; 
  • Байқауға қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
  • Жеңімпаз суретшілер шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі.
  • Байқауға қатысқан барлық суретшілердің кітап-альбомы (картиналар каталогы) жарық көреді. Кітап-альбомға QR-кодтар арқылы жеңімпаз суретшілер туралы түсірілген бейнероликтерге сілтеме беріледі.
  • Байқауға ұсынылған картина өлшемі 100х120 см кем болмауы керек.
  • Суретшілер шығармасын (салған суретін) фотосуретке түсіріп, онлайн түрде арнайы дайындалған «Мәдениет порталы» http://madeniportal.kz/ ақпараттық агенттігінде көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы жолдайды.
  • Байқаудың жеңімпаздары шығармаларын (картина, поэзия) Ұлытау облысы Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы қорына авторлық сыйақы төлемей, барлық айрықша меншігі мен авторлық құқықтарымен тұрақты сақтауға береді.

Байқаудың 2-кезеңінің өткізілу мерзімі:

Байқаудың СУРЕТШІЛЕРГЕ арналған 2-кезеңі 02.07.2023 – 10.08.2023 аралығында өтеді.

2-кезең бойынша қазылар алқасының қортынды шығару мерзімі 10.08.2023 - 12.08.2023. Қазылар алқасының бағалау кезеңі онлайн түрде өтеді.

Жүлде қоры


Екі Бас жүлде /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 2 000 000 теңге

5 ақынға – 500 000 теңгеден арнайы грант

5 суретшіге – 500 000 теңгеден арнайы грант