05 нау, 2025 сағат 12:51

Ұлытау облысындағы шахта апаты: Тергеудің алдын ала қорытындысы қаралды

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрі орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Комиссия апаттың негізгі себебін анықтады - тау-кен қазбасынан метан жиналып, бөлінген, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болған. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ереже бұзу жағдайы анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды», - делінген ақпаратта. 


Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға ережені бұзбай, апаттың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтау бойынша автоматтандырылған жүйе енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып түсіп,  7 кенші қаза тапты