Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп, 2019 жылдың 20-21 қарашасында «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Ауқымды іс-шараға Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. түркі тілдес сарапшылар және отандық ғалымдар қатысады.
Конференцияның мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының контекстіндегі жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау үшін алаң ұйымдастыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау.
Конференцияның бірінші күні пленарлық және секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күні конференция қатысушыларын өңірдің тарихымен, көрікті жерлерімен және қасиетті орындарымен таныстыру жүргізіледі.
Өтетін орны - Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығының кіші залында.
Басталуы: 20 қараша, уақыты 10:00