10 жел, 2019 сағат 16:56

«Ұлы даланың ұлы есімдері» облыстық байқауы қорытындыланды

Ақмола облысында «Ұлы даланың ұлы есімдері» облыстық байқауының екінші кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды "Ұлт-ақпарат" облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатында өткен байқаудың мақсаты – білім саласында педагогтардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін арттыру.

Байқау «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері», «Өлкетану - ұлттық жаңғыру», «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары жалпыұлттық құндылықтар идеясын тәрбие жұмыстарына енгізу (Ашық аспан астындағы мұражай)», «Көкше өңірінің Ұлы есімдері» бағыттары бойынша өтті.


«Байқау қатысушы педагогтар өздерінің ғылыми – танымдық жобаларын таныстырды. Оның ішінде Бурабай, Шортанды, Есіл, Ақкөл сияқты бірқатар аудандар жақсы нәтиже көрсетті»,- Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.


Үздіктері Ақмола облысының білім басқармасының диплом және ақшалай сертификатымен марапатталды. Барлық қатысушы облыстық оқу-әдістемелік кабинетің сертификатына ие болды.