01 ақп, 2024 сағат 11:32

Ұлттық қордан балалардың шотына неге аз ақша түсті – вице-министр түсініктемесі

Фото: primeminister.kz

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордан балалардың арнаулы жинақтаушы шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің есептеуі бойынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында балалардың шотына 150-160 доллар түсінетіні хабарланған еді.

"Иә, біздің есептеуіміз бойынша 160 доллар деп айтылған еді. Бірақ сіздер білесіздер, Президент бұл бастама туралы алғаш рет 2022 жылы айтты, тапсырма берді. Ол кезде балалардың саны 6 млн 400 болатын. Бүгінде балалардың саны – 6 млн 917 мың. Сол есептеулерге сәйкес, бүгінде бөлінген қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Оны енді 6 919 131 балаға бөлетін болсақ, 100 доллар 52 центтен шығып тұр", - деді Темірбеков Сенат кулуарында.