12 жел, 2023 сағат 16:37

"Ұлттық қор - балаларға": шетелдіктер мен қандастардың балалары төлем ала ма?

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі қандастар мен шетелдік азаматтардың балалары қандай жағдайда Ұлттық қордан төлем ала алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бағдарламаға қатысушы және Қазақстан азаматтығын алған 18 жасқа дейінгі барлық балаға қаражат бөлетіні белгілі болды.

"Егер балалар Қазақстаннан тыс жерде дүниеге келсе және бұл ретте Қазақстан азаматтығы болса немесе балалар Қазақстан азаматтығын алған, бірақ елден тыс тұрақты тұруға көшіп кетсе, мұндай жағдайда бұл балалардың барлығы Ұлттық қордан қаражат алады. Басқа елден келген немесе қандас мәртебесіне ие болған, тарихи отанына оралған адамдарға Қазақстан азаматтығына қабылданған немесе Қазақстан азаматтығын алған кезден бастап ақшалай қаражат есептеледі", - деді Ұлттық қордың бюджеттік несиелендіру және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов.