Осыдан екі жыл бұрын құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бірқатар өзекті мәселенің көтерілуіне бастамашы болды. Соның ішінде елдің ішкі миграциясы, жердің шетелдіктерге сатылуы мен жалға берілуі туралы мәселе көтерілген болаты. 25 ақпанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылып жатқаны туралы әңгімеге қатысты "бұл мәселе туралы қауесетті" тоқтату үшін шетелдіктер мен шетелдік компанияларға ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге заңды түрде тыйым салу туралы шешім қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Содан кейін Қазақстан Мәжілісінің депутаттары шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын жұмысқа алды. 12 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құжатты Парламентке Палатаның қарауына жіберді.
Мәжілісмен Ерлан Барлыбаев заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салу болып табылатынын хабарлады.
"Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді депутат.
Осылайша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжіліске пысықтауға жіберілді.
"Талқылау барысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен және Сенаттың жекелеген депутаттарынан заң жобасының нормаларына қатысты екі ұсыныс келіп түсті, олар салыстырма кестеге жинақталған. Осы ұсыныстарға сәйкес Жер кодексінің 48 және 128-баптарына жеке орман өсіру үшін тек Қазақстан азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына шетелдік қатысусыз жер беру ұсынылады", - деп хабарлады сенатор Абдалы Нұралиев.
Қазақстанда 2021 жылғы 31 Желтоқсанда Жер кодексінің қазақстандықтарға және шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге, сондай-ақ қазақстандық фермерлерге учаскелерді сатуға қатысты жекелеген ережелеріне мораторий мерзімі аяқталады.
Жер қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасы Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға (Отанына оралған этникалық қазақтар) беруге толық тыйым салуды көздейді.
Қандастар жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады. Бұл ретте олар ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады.
Келесі бір отырыста Қазақстан Парламентінің Мәжілісі жер қатынастары мәселелері бойынша түзетулерге қатысты Сенаттың өзгерістерімен келісті.
Сенаттың толықтыруларына сәйкес жеке орман өсіру үшін жерлер тек Қазақстан азаматтары мен Қазақстанның шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына ғана берілетін болады.
Сәуірде өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Сенаттың толықтыруларымен келісті. Депутат Берік Оспановтың айтуынша, Сенат ұсынған өзгерістер заң жобасының тұжырымдамасын бұзбайды.
Осылйша қабылданған заң шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ Отанына оралған этникалық қазақтарға қандастарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге толық тыйым салуды көздейді.
Шетелдіктер мен шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялар бұрын жалға алған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мерзімдерін ұзартуға болмайды. Мұндай жерлер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелік етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Мәжілісінің депутаттары шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын жұмысқа алды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құжатты Парламентке Палатаның қарауына жіберді.
Мәжілісмен Ерлан Барлыбаев заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салу болып табылатынын хабарлады.