01 мау, 2022 сағат 14:04

Ұлттық банк өкілдері теңге неге нығайғанын түсіндірді


Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамыр айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан, 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін төмендеді, 6,8 пайызға нығайды.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады.

Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті, оның ішінде:

  • энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі;
  • жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі;
  • рубльдің нығаюы.

"Бюджетке төленетін ірі салық төлемдерінің кезеңі және валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан едәуір асып түсті", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болатынын еске салды.