20 ақп, 2019 сағат 19:19

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» басшысы болып тағайындалды

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұған дейін компанияны Ермек Қизатов басқарған болатын, деп жазады "Ұлт ақпарат".

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ұлан Әліпов тағайындалды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Ұлан Әліпов 2013-2014 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. 

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы 2013 жылдың 1 ақпанында еншілес мемлекеттік «Қазақавтожол-Көкшетау» мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық құқықта басқарудағы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорынын қайта құру жолымен Үкімет қаулысына сәйкес құрылған еді. 2013 жылдың 30 шілдесіндегі Үкімет қаулысына сәйкес АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор болып анықталып, ұлттық компания деген дәрежеге ие болды.