07 нау, 2021 сағат 18:14

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Биылғы жылдың 9-10 наурызы күндері Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың айтуынша, сапар барысында Станислав Зась Қорғаныс және Сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездеседі. 

ҰҚШҰ-ның Бас хатшысын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдамақ. 

Кездесулер барысында Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін (2020 жыелтоқсанында) жүзеге асыру аясында жоспарланған іс-шаралар мен ұйымға 2021 жылы төрағалығы барысында Тәжікстан ұсынған басым бағыттарды орындау жұмыстары туралы айтады. 

Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікке қатысты, ҰҚШҰ-на мүше елдердің сыртқы саясатын үйлестіру мәселелері сөз болады. Тараптар сәуір-мамыр айлары аралығында өтетін жарғылық органдардың кезекті мәжілістеріне дайындық мәселесін талқылайды.